RU

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Көліктен шықпай дәрет сындырған полицей жұмысынан босатылды деп хабарлайды Алматы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

"Тәртіптік комиссия жүргізген қызметтік тексеріс нәтижесінде Ішкі істер органдарының беделін түсіретін әрекеті үшін Түрксіб аудандық жергілікті полиция қызметінің қызметкері ІІО-дағы қызметінен босатылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандай, полицей отырған көлік оның әріптесіне тиесілі екен. Ол да қызметінен босатылған.

Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің тікелей басшысы да тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетсек, көлігінен түспей, жол бойына дәрет сындырған полицей қызметкерінің қылығы желі қолданушыларының ашуына тиген еді.

Тағы оқыңыздар:

Тасмағамбетов NUR.KZ-тегі мақаладан кейін Маржан Тұрлыбаева жатқан әлеуметтік мекемені тексеретін болды

Нұрлан Оразалин «Абай жолын» кiм жазғанын бiлмейтін жастарды ұлттың қасiретi деп атады

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Қазақтарды сыйламайтынын айтқан Тищенко көпшіліктің ашуын келтірді (видео)

Қарағандыда колледж студенті 240 мың теңгеге курстасын өлтіруге тапсырыс берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267455-kolikten-shyqpay-daret-syndyrghan-poli-3.html