RU

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

"Қазақ елі" фильміне бірде-бір Ұлттық компания көмектеспеді, ешбір телеарна ұсыныс жасаған жоқ. Бұл туралы аталған фильм режиссері Рүстем Әбдірашев бүгін Алматыда тұсауы кесілген «Алмас қылыш» (алғашқы атауы - «Қазақ елі») фильмінің алғашқы көрсетілімінде.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды

«Компютерлік графикасы, музыкасы реттеліп, 16 желтоқсанда фильмнің соңғы нұсқасы ұсынылады. Қатты сынамаңыздар, әлі жетіспей жатқан тұстары бар. Фильмге барлығы 280 млн теңге жұмсалды. «Базис А» компаниясы мен «Фридом финанс» компаниясына үлкен алғысымызды айтамыз. 50 млн теңгедей қаржы жетіспеушілігі бар әлі де. Биылғы жылы фильм тоқтап тұрған кезде Алматы қаласы әкімінің қолдауымен «Базис А» компаниясы 180 млн теңге қаржылай көмек көрсеткенін айта кеткім келіп отыр. Соның арқасында жетістікке жетіп отырмыз. Ендігі жетіспей отырған қаржыны Мәдениет және спорт министрі бөледі деген үмітіміз бар. Бүгінгі нұсқа прокатқа арналған. Осы кино версияны толықтырып 16 желтоқсанда ұсынамыз, соңынан 10 серия бірден көрсетіледі. Бірақ, бірде-бір телеарнамен әзірге келісім жасасқан жоқпыз. Біреуі келіп, авторлығына біз ие болайық деген жоқ. Ешбірінен сұраныс түскен жоқ. Ұлттық компаниялардың бірде-біреуінен көмек болмады. Бұл ащы шындық. Қарапайым халық 1 млн теңге жинап берді. Әрине, бұл бір актердің жалақысы ғана. Дегенмен, елдің ықыласын айтып өтпей болмайды. 1000 теңге болса да аударғанын көрдік. Фильм Алматы облысының маңында түсірілді», - деді Рүстем Әбдірашев.

Айта кетейік, Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту етілгелі отырған «Алмас қылыш» фильмінің тұсауы кесілді. 10 сериядан ықшамдалып, 2 сағат 10 минтуттық фильм ретінде жасалған кинокартина журналистер мен Алматының зиялы қауымына таныстырылды.

Тағы оқыңыздар:

Тасмағамбетов NUR.KZ-тегі мақаладан кейін Маржан Тұрлыбаева жатқан әлеуметтік мекемені тексеретін болды

Нұрлан Оразалин «Абай жолын» кiм жазғанын бiлмейтін жастарды ұлттың қасiретi деп атады

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Қазақтарды сыйламайтынын айтқан Тищенко көпшіліктің ашуын келтірді (видео)

Қарағандыда колледж студенті 240 мың теңгеге курстасын өлтіруге тапсырыс берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267525-rustem-abdirashev-qazaq-eli-filmine-b.html