RU

Қазақтардан ақша бопсалаған тәжік милиционерлері жұмысынан қуылды

Қазақстан журналистерінен ақша бопсалаған және фейсбуктегі атышулы посттың «батырлары» болған тәжік милиция қызметкерлері жұмыстан босатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыстан шығарылған милиционерлер қызмет еткен бөлімше басшысына сөгіс жарияланды.

«ІІМ басшылығы ескерткіштер, қаланың көрікті жерлері, туристік аймақтарда қызмет ететін барлық басқа да милиция қызметкерлерінің туристермен жұмысын тексеруді тапсырды», - деп хабарлады ІІМ баспасөз хатшысы Умарджон Эмомали.

Өткен апта соңында Душанбеге сапарынан кейін Фейсбукке жазған қазақстандық журналист Бақытжан Бұқарбайдың посты шулы оқиғаға айналды. Бұл оқиға Исмоил Сомонидің ескерткішінің маңында болған.

«... Исмоил Сомони монументі орналасқан алаңда адам болмады. Біз сатымен жоғары көтерілдік, сол кезде жерге матрац төсеп, ашық аспан астында қалғып-мүлгіп отырған милиционерлердің үстінен түстік. Олар бесеу болды. Аяқтары жалаң аяқ. Бізді, қазақ туристерін көрді де, орындарынан тұрып, шұлықсыз туфлилерін киіп алды. Олар бір-бірлеріне қарап, жасанды жымыңдап, бізді қарсы алды, бірақ пейілдерінде еш жылылық байқалмады. Біздің жоғары көтерілуімізді сұрап, субұрқақ, кітапхана жақты көрсетті, біздің қалауымыздан тыс бір-екі түсірілім жасады. Тәжік милиция қызметкерлері тым мазасыз екен», - деп жазды Бақытжан Бұқарбай.

«Біреуі маған қарай жақындап келеді. Мен телефонымдағы түсірілімдерді қарап тұрдым, бір келеңсіз жайттың орын алатыны сезіліп тұрды...», - деп сөзін жалғады журналист.

«Бүгін менің туған күнім», - деп бастады сөзін милиционер.

«Құттықтаймын» - дедім мен.

Біраз үнсіздік орнады.

«Жоқ, бүгін менің туған күнім деймін», - деді ол.

Бүгін мен экскурсия жетекшісі боламын, ол үшін ақы төлеу керек.

«Ақша жоқ», - дедім мен қаумалап кететін сыған қайыршыларына жауап бергендей.

«Сараңсың ба, не?» - деді тәртіп сақшысы.

«Ақша жоқ», - дедік Нұргелді екеуміз қосарлана сөйлеп.

«Сомони бар ма?»

«Жоқ!»

«Онда теңге бер!»

«Теңге де жоқ».

«Онда кетіңдер бұл жерден деп», - тәжік тәртіп сақшысы бізді алаңнан қуа бастады. Аман-есен құтылғанымызға шүкір дедік.

Мұндайды еш уақытта көрмеппіз", - деп жазды журналист желіде.

Тағы оқыңыздар:

Тасмағамбетов NUR.KZ-тегі мақаладан кейін Маржан Тұрлыбаева жатқан әлеуметтік мекемені тексеретін болды

Нұрлан Оразалин «Абай жолын» кiм жазғанын бiлмейтін жастарды ұлттың қасiретi деп атады

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Қазақтарды сыйламайтынын айтқан Тищенко көпшіліктің ашуын келтірді (видео)

Қарағандыда колледж студенті 240 мың теңгеге курстасын өлтіруге тапсырыс берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267604-qazaqstandyqtardan-aqsha-bopsalaghan.html