RU

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қапшағай әскери бөлімінде болған жанжал салдарынан командир сарбазды соққыға алып, нәтижесінде ол тіл тартпай кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Әскери бөлімде тағы да адам өлімі орын алды. Алматы облысы Қапшағай қаласындағы №32-363 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан Нұрлан Оразғалиев төбелестің салдарынан көз жұмған. Кіші сержантпен сөзге келіп, оның ақыры екеуара жанжалға ұласыпты.

Сержанттың жұдырық жұмсауы сол екен, 20 жастағы сарбаз ес-түссіз құлап, ауруханаға жеткізіліп, сонда көз жұмған. Қазір оқиғаның мән-жайын еліміздің Бас әскери прокуратурасы тексеріп жатыр.

Қаза болған сарбаз – Нұрлан Оразғалиев небары 20 жаста болған екен. Әскер қатарына былтыр күзде Астана қаласынан шақыртылған. Онымен түйдей құрдас кіші сержант Жантөре Рамадин екеуі осы бөлімде қызмет еткен. Араларындағы кикілжіңнің қалай болғанын әскери прокуратура өкілі былай Жеңіс Темеков түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, әскери бөлім аумағында шаруашылық жұмыстарын жүргізу барысында Оразғалиев пен бөлімше командирінің арасында қақтығыс болған.  Командир Оразғалиевтің бет тұсынан соққы жасап, нәтижесінде Оразғалиев ес-түссіз қалған.Ес-түссіз Оразғалиевті Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізгенімен, жас жігіт сол күйі тіл тартпай кетіпті.

Бірақ, дауды бастаған да марқұм жігіттің өзі дейді прокурорлар. Ол сержанттың тапсырмасын орындамай, оған қарсы шыққан көрінеді."Әскери қызметшілердің арасындағы жанжалдың барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық істің тергеуі Бас әскери прокуратураның бақылауында", - дейді Жеңіс Темеков.Ал кісі өліміне себепші кіші сержант, взвод командирі Жантөре Рамадин кеше оқиғадан соң дереу қамауға алынған. Ол Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының тумасы.Қазірде,  Қылмыстық кодекстің 440-бабы, яғни, әскерилер арасындағы тәртіп ережелерінің бұзылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды
Mailfire view pixel