RU

Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбенің орталық базарында мұздай қаруланған арнайы жасақ сақал қойған саудагерлердің бірін қалдырмай ұстап әкетті деп хабарлайды КТК арнасы.

Бастапқыда тәртіп сақшыларының бұл әрекетін көргендер тағы лаңкестер шабуыл жасады деп шошыпты. Бірақ бұл Астанадан Ақтөбеге бас прокурор бастаған 200 адамдық делегацияның келуі алдында жасалған арнайы шара екен.

Құрамында тәртіпке жауапты министрліктер, дін және партия өкілдері бар арнайы штаб Ақтөбе облысында бір ай жұмыс істемек. Олар өңірді аралап, жастарды теріс ағымнан қайтару, жұмыспен қамту, тіпті кәсіп бастаймын дегендеріне несие беру жайын қарастырады. Осылайша олар Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге атсалыспақ екен.

Әйтпесе, қалада жұмыссыздық белең алып, ауыр қылмыстар да 18 пайызға артыпты. Теріс діни ағымда жүргендермен жұмыс өнбей жатыр. 5-ші маусымдағы лаңкестік әрекеттен кейін де базар ішінде теріс діни ағымдағылар азаймапты.

"Уахабистер  көбейіп кетті ғой. Көбісі солар ғой сатып жатқан. Бұларға бір тыйым салса деймін. Ертеңгі күнде бұлар өршіп кетсе, бұл не болады? Бөлінеміз ғой онда мұсылмандар", - дейді алаңдаушылық танытқан Сыдық Сақтағанов есімді қала тұрғыны.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды
Mailfire view pixel