RU

ОҚО-да аудан әкімі жасы келген қарттарға әулие аралаттырып қойды (фото)

Жақында ғана Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлға терактіден көз ашпай жүрген елге саяхатқа жолдама берген Оңтүстік Қазақстандағы Отырар ауданының әкімі енді қарттарға әулие аралаттырып қойды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Отырардың әкімі Ерлан Айтаханов қарттар күніне орай жергілікті қариялардың басын қосып, экскурсияға аттандырды. Экскурсияға Шымкенттің көрікті жерлеріне тамсанып, өңірдегі әулиелі жерлерге зиярат жасау жұмыстары енген. Жоспар бойынша азулы ақсақалдар «Ибрагим Ата», «Абдул Азиз» баб, «Қарашаш Ана» кесенелерін аралайды.

Естеріңізге салсақ, Ерлан Айтаханов Отырар ауданына жыл басында әкім болып тағайындалды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары еді. Бұл креслода отырған Айтаханов «жастармен селфилеткіш» шенеунік деген атқа ие болған. Сонымен қатар ол  өзінің жұмысын «показуха» үшін жасамайтынын айтып, ағынан жарылған да болатын.

Ал  ерте көктемде ол  ауданда өткен сенбілікте кесілген ағаш дөңкелерін иығына салып тасып, көпшілікті таң қалдырған. Тіпті кейбірі аудан басшысы совет көсемі Ленин жасаған ерлікті қайталады деп баға берді.

Жақында ғана Отырар басшысы Рио Олимпиадасының күміс жүлде иегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұлға терактіден көз ашпай жүрген елде демалуға жолдама сыйлады. Айта кетейік, Ерлан Айтаханов  белгілі сенатор Қуаныш Айтахановтың ұлы.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267733-oqo-da-audan-akimi-zhasy-kelgen-qarttar.html