RU

Cаудиялық ханшайым фотографқа төрт сағат бойы аяғын сүйдіртіп қойды

Парижде Сауд Арабиясының ханшайымы суретші және сәндеуші ер адамды төрт сағат бойы аяғын сүюге мәжбүрлеген.

Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқиға Фош көшесінде болған. Басылымның хабарлауынша, есімі аталмаған ер адам ханшайым жүрген апартментте үй декоры бойынша бірнеше фотография түсірген.

Мұны көрген бұрынғы король Халид ибн Абдул-Азиз Аль Саудтың қызы, француз кадрларды БАҚ-қа сатады деп ойлаған. Ол оққағарларына фотографты ұстауға бұйрық беріп, жұмыс құралдарын тартып алған және төрт сағат бойы аяғын сүюге мәжбүрлеген.

Суретші полицияға арызданған. Онда басынан жарақат алғанын айтып, ханшайымнан 20 мың еуро және «жұмысына» ақы талап еткен.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267802-caudiyalyq-khanshayym-parizhdik-er-adamdy.html