RU

Жамбыл облысында жарылыстан жапа шеккен соңғы науқас көз жұмды

Жамбыл облысының Меркі мұнай базасындағы өрт кезінде ауыр күйік алған үшінші жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрттен зардап шеккен үшінші жұмысшы электрик болып жұмыс істеген, 1974 жылы туған», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбаева.

Еске салайық, оқыс оқиға өткен бейсенбіде жанармай құю кезінде болған. Қас қарайған уақытта Меркідегі Мұнай базасы отқа оранып, үш адам 90-100 пайыздық күйікпен ауруханаға жеткізілген еді.

26 қыркүйек күні денесінің 90-100 пайызын күйік шалған кәсіпорынның бас инженері, ал 28 қыркүйек күні Меркі мұнай базасының дәнекерлеушісі жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267832-zhambyl-oblysynda-zharylystan-zhapa-shek-2.html