RU

Серікбол Сайлаубек бейнебаянына ақша таппай, халыққа қол жайды (фото)

Қазақ эстрадасының әншісі Серікбол Сайлаубек бейнебаян түсіруге ақша таппай, халықтан көмек сұрап жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Халық арасында "Ой, жеңге" әнімен танымал болып, тойдың көркін қыздырып жүрген Серікбол Сайлаубек бейнебаян түсіруге ақша таппай жүр. Ол"Клип түсіруге ақша жоқ" деп жазып алып, көше аралауға кірісті. Оның бұл суретін желіге танымал тележүргізуші Мұхит Сапарбаев салған.

Бастапқыда бұл көріністі шынға балаған оқырмандар түрлі пікірлерін жаудырды.

"Сіздерге ақша жоқ болса, қарапайым халықта қайдан болсын", "Мұнысы несі?", "Тойға шықпай қалған ба не?", "Жетпесе түсірме, ешкім сұрап тұрған жоқ", - деп жазған олар, кейіннен бұл тек түсірілім сәті екеніне көздері жетіп, сәл саябырсыды.

Дегенмен, олар әншілерді"еріккендер" деп атады.

Естеріңізге салсақ, Серікбол Сайлаубек бұған дейін киноға түсіп жатқанын мәлімдеген.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267834-serikbol-saylaubek-klipke-aqsha-tappa.html