RU

Отандық БАҚ транссексуалға "төрін ұсынған" ұлттық арнаны сынға алды

Қамшы порталы трансвеститке "төрін ұсынған" Қазақстан ұлттық арнасын сынға алды. Басылымының жазуынша, елімізде транссексуалдан да маңызды өзге дүние толып жатыр.

"Қазақ телевизиясына қатысты сын аз айтылып жүрген жоқ. Қанша жерден «Өз қазағымыз ғой, жаман жерін жасыра тұрайық» десек те ондағылар қазақ қоғамына түрлі тосынсый ұсынуын қояр емес. Соңғы уақытта онсыз да арзан күлкі мен шуылдаққа толып кеткен отандық арналардың бірінде, дәлірек айтсақ, Ұлттық арна мәртебесіне ие «Қазақстаннан» бұрын (қазақ телевизиясынан) көз көріп, құлақ естімеген бағдарлама көрдік", - деген басылым Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «Әйел бақыты» жобасына шүйлікті.

"Танымал жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «Әйел бақыты» жобасы басқа тақырып таппағандай төрін трансвеститке (жынысын ауыстырған адам) ұсыныпты. Бұл жерде «Төрін ұсынды» дегенді сөздің әдемілігі, тартымды тіркес үшін қолданып отырған жоқпыз. Бағдарламаға қонақ ретінде Қостанайдан қалап алдырған әлгі трансвестит бір өзі бағдарлама жүргізушісі бар, арнайы сарапшы ретінде шақырылған психологы бар, уролог-андрологы бар, Ұларбек Нұрғалымдай ақыны бар, барлығының аузын жауып отырды. Тіпті, Қазақстандағы жігіттердің пәленбай пайызы трансвестит болғысы келеді дегендей статистика айтып, әлек қылды", - деп жазады басылым.

Отандық БАҚ-тың жазуынша, «Әйел бақыты»  тікелеәй эфирге трансвистті шақырып, "артық қыламын деп, тыртық қылған." Себебі қоғамда одан да өзекті порблемалар толып жатыр.

"Бағдарлама ұйымдастырушыларының әлгі «қонақтың» трансвеститтерді психологиялық ауытқуы бар науқасқа теңеген маманға шаптыққанына қарап шақырудағы мақсаты орындалды дей алмаймыз. Телебағдарламалар арасындағы рейтингі жоғары отбасылық бағдарламаға қатысқан әлгі адасқан республикалық эфирден өз мүддесін таратып кетті. Сөйтіп, «Әйел бақыты» артық қыламын деп, тыртық қылды. Ләйлә Сұлтанқызы, телеарна басшылығы қыз-келіншектерге бағытталған бағдарламаға тақырып таппай қиналып жүр дей алмаймыз. Қоғамда әйелдердің, қыз-келіншектердің қаншама қиын тағдырына куә болып жүрміз. Күйеулері құмар ойнайтын, пара алғаны үшін дүниесі тәркіленіп, темір торға тоғытылған әйелдерді жүздеп табуға болады. Бүгінде күйіп тұрған діни экстремизм, радикалдық ағымдардың «жаңалықтары», Конституция мен ел заңдарын мойындауы қиын салафилер арасында кең тарап бара жатқан талақ мәселесі, дін негіздерін қате түсінудің салдарынан қысқа уақыт ішінде қырық байға тиген келіншектер тағдырының өзі біраз әңгімеге арқау болмай ма?", -деп сауал тастаған басылым ұлттық арнаның мұндай негативті електен өткізбей ел назарына ұсынғанын дұрыс санамайды.

«Әйел бақытын» көріп отырып, осындай ойға қалдық. Бағдарлама жиіркеніш туғызатын мұндай негативті електен өткізбей ел назарына ұсынғаны дұрыс болмады. Осы хабарға арнайы шақырылған ақын Ұларбек Нұрғалымұлының «Жағамды емес, кеңірдегімді ұстадым!» дегенінен асып ештеңе айта алмаспыз. Бұлай кете берсе, телеарналарымыздың суицид жасауға оқталып, аман қалғандардың «тәжірибесімен» де «таң қалдыруы» ғажап емес",  - деп түйіндеді.

Еске сала кетсек, "Қазақстан" ұлттық арнасында "Әйел бақыты" бағдарламасына ашық ойын айту үшін шыққан транссексуал жұртты есеңгіреткен еді. Елді шулатқан бағдарламадан кейін отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынған.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267895-otandyq-baq-transseksualgha-torin-usy.html