RU

Жамбыл облысындағы аудандардың бірі ішімдіктен толықтай бас тартты

Жамбыл облысы Қордай ауданында темекі мен ішімдік толықтай сатылымнан алынып тасталған. Ондағы ақсақалдар жастарды харамға жолаттырмай өсіруде. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қордай ауданының ақсақалдары кәсіпкерлерден ішімдікті сатудан бас тартуды өтінген. Көне көз қариялардың өтінішін жерге қалдырмаған кәсіпкерлер ішімдік атаулыны дүкен сөрелеріне жолаттырмайтын көрінеді.

Аталмыш ауданның бірнеше ауылында тұратын дұнғандар дәстүрлерін жылдар бойы сақтап келеді. Сол себепті ондай өңірлерде ақсақалдардың әр шешіміне зор құрметпен қарайды.

"Ақсақалдар өскелең ұрпақты ішімдіктен алыс ұстау керек деп шешті. Ел ағалары мен имамдар кәсіпкерлерден ішімдік пен темекіні сатпауды сұрады. Олар келісімін беріп, ішімдікті сатудан толықтай бас тартты. Кей дүкендерде темекі де мүлде сатылымнан алынған", - дейді Жамбыл облысы дұнған мәдени орталығы қауымдастығының басшысы Руслан Исмазов.

Индира Боташеваның материалынан аударылды

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267899-zhambyl-oblysyndaghy-audandardynh-biri.html