RU

Сәкен Майғазиевтің жасқа толмаған қызы қолын күйдіріп алды (фото)

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің жасқа толмаған қызы Мәриям қолын күйдіріп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Биылғы жылдың қаңтар айында дүниеге келген Сәкеннің қызы Мәриям қолын күйдіріп алды. Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында айтып берді.

Оның айтуынша, сәби қолын Сәкен әнсапарда жүргенде күйдіріп алған.

"Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді. Бір апта бұрын әжесінің тәттісі (Мәриям) мен әнсапарда жүргенде қолын күйдіріп алыпты. Тұрсынбек айтқандай, әжесі: "Күйесің, ә-әй, күйесің. Әне, күйдің..." деген ғой. АЛЛА - ұлық!", - деп жазып қойды.

Қолы күйген Мәриямды көрген жұрт сәби үшін қатты алаңдады. Олар оның тезірек жазылып кетуіне тілектестік білдіріп, амандық тіледі. Олар әншіге түрлі кеңестер айтты. Қолданушылардың жылы лебіздерін естіген Сәкен кеңес берген жандарға алғыс айтты.

Оның айтуынша, қызының жағдайы жақсы, ол дәрігердің кеңесімен емделіп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267928-saken-mayghazievtinh-zhasqa-tolmaghan-qy.html