RU

Отбасымен "Манчестерге" жанкүйер болған шымкенттіктер желінің жұлдызы болды (фото)

Астанада тұратын Лештаевтар отбасы әйгілі клуб "Манчестер Юнайтедке" жанкүйер боламын деп, ғаламтор жұлдызына айналды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Лештаев Мақсат есімді ер азамат өзінің желідегі парақшасына отбасымен түскен фотосын жүктеді. Аталған фотода отбасы мүшелерінің барлығы, тіпті тәй-тәй басқан сәбиге дейін клубтың жейдесін киіп алған.

Бұл суретті көрген өзге қолданушылар репсот жасап, таңданыстарын жасырмаған. Әсіресе ұл-қыздары және немерелерімен қоса бір клубқа жанкүйер болған ата-ана ерекше таңданыс тудырып, "Шынайы берілген жанкүйерлер, мен мұны түсінемін", "Бұл отбасы таңданысқа лайық", "Фантастика" деп пікір қалдырған.

Фотоны жүктеген жазба авторының парақшасын ақтара келе, оның шымкенттік екенін білдік. Оның жары Ботагөз де - Шымкенттің қызы.

Тағы да оқыңыздар:

Тоқал болғысы келетіндер қай жерлерді жағалап жүреді?

Назарбаев қазақша сайрап тұрған балалар үйінің түлегіне риза болды

Отандық БАҚ транссексуалға "төрін ұсынған" ұлттық арнаны сынға алды

Жамбыл облысындағы аудандардың бірі ішімдіктен толықтай бас тартқан

Саудагерлер үш ағайынды сиыр сатамын деп ажал құшқан базардағы қарақшылар тобы жайлы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1268028-otbasymen-manchesterge-zhankuyer-bolgh.html