RU

Кенталдың азан шақырған даусы желі қолданушыларын тәнті етті (видео)

Әнші Кентал азан шақырып тұрған видеосын жариялап, желі қолданушылары оның даусына тәнті болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Енді ғана танымал бола бастаған Кентал бүгінде тыңдармандарына жақсы жағынан көрініп жүр. Отандық бағдарламаларға да әдеттегіден жиі шақырылатын болған әнші өзінің шынайылығымен елге танылып жүр.

Мәселен, ол берген сұхбаттарында қымбат киім кигенді жақтырмайтынын және "барахолкадан" киінбейміз дегендерді түсіне алмайтынын жеткізген. Сонымен бірге, ол КТК арнасына өзінің жұпыны пәтерін көрсетіп, ешқандай қымбат өмірге әуес еместігін айтқан.

Көзі қырағы көрермендер Кенталдың киіну стилі де қарапайым екенін байқап қойған. "Еркек еркекше киіну керек" деген ұстанымдағы әнші киімге емес, әнге келгенде талғампаз екенін жеткізген.

Енді, бүгін Кентал азан шағырған видеосын желіге жариялап, желі қолданушыларын тәнті етті. Видеоны көрген оқырмандар әншіні "иманды", "мейірімді" жігіт екенін атап өтті. Олар Кенталдың даусының әдемілігіне сүйсініп, оның бұл ісі жастарға үлгі болады дегенді айтты.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1268069-kentaldynh-azan-shaqyrghan-dausy-zheli-qo.html