RU

Наталья Слекишинаны зорлаған бұрынғы майор 9 жылға сотталып кетті

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында түрмедегі Наталья Слекишинаның ісіне қатысты айыпталушыға үкім шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот үкімімен ЛА-155/18 Қылмыстық атқару жүйесі тергеу абақтысының бұрынғы қызметкері Руслан Хакімов 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленетін болды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, оны әділет майоры шенінен айырып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасауына тыйым салды.

Айта кетейік, Руслан Хәкімовке қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотына 26 шілдеде түскен.

Басты күдікті Руслан Хәкімовке Қылмыстық кодекстің 362-ші бабы 4-ші тармағының 1-ші бөлігі (қызмет бабын асыра пайдалану) және 120-шы бабы 2-ші тармағының (зорлау) 4-ші бөлігінде (әлденеше рет) қарастырылған құқық бұзушылықтарды жасаған деген айып тағылған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары 25 шілдеде аяқталған.

Еске сала кетейік, сотталушы Наталья Слекишина биыл шілде айының басында қамауда зорланғанын, содан жүкті болып, босанғандығын жария еткен болатын. Оның айтуынша, түрме басшылығы алғашында зорлау туралы істі жасырмақ болған. Алайда, сараптама қылмыстық іске қатыстылардың бірінің нәрестенің әкесі екенін растады.

Зорлау оқиғасы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің тергеу абақтысында болған. Наталья Слекишинаның айтуынша, оны осы мекеменің төрт қызметкері зорлаған.

Слекишина түрмедегі мерзімін қысқартуды сұрап Алмалы сотына өтінгенін оның адвокаты Айман Умарова бұған дейін хабарлаған болатын. Айта кетейік, Слекишинаның өзі азаматтық некедегі күйеуінің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталып, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1268140-natalya-slekishinany-zorlaghan-buryngh.html