RU

Ләйлә Сұлтанқызы өзін жұмыстан шығаруды талап еткен журналиске жауап берді (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы өзін жұмыстан шығармақшы болған журналистке жауап  берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аз уақыт бұрын "Қазақстан" арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасының кезекті санында жыныс ауыстыру мәселесін сөз етілген болатын. Қонақ ретінде бағдарламаға транссексуал шақырылып, ол өзінің оқиғасын баяндап берген.

Бағдарламаның бұл санын көрген журналист Ардабек Солдатбай ашуға мініп, Ләйлә Сұлтанқызына қатысты көптеген жағымсыз пікірлер айтқан. Оның айтуынша, бұл бағдарламаны жасау арқылы "Ләйлә Сұлтанқызы Ұлттық арнаның қасықтап жиған абыройын шелектеп төкті".

Ол "Қазақстан" АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызынан арна "абыройын төккен" Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап етіп, хат жазған болатын.

Бұл хатпен танысқан Ләйлә Сұлтанқызы желіде жауап жазып, көрермендерінен ақыл сұрады.

"Мына бір шыққан мақала авторына не қосар едіңіз? Ардабек Солдатбай есімді тілші өз ойын осылай білдірген екен. Осы кезге дейін Үшбуда қоғамда болып жатқан не бір хаттарды оқыған едік. Енді сол кей хат иелерін эфирге шақырып, жұртқа көрсете бастаған едік... Өткен эфир саны жынысын ауыстырған трансвеститті көрсеткен. Сайттарда осындай мақалалар қаптап кетіпті. Əлде біз айтпай, көрсетпей, көзді жұмып қойып жүре беруіміз керек пе еді? Сонымен, Ұлттық арна Лəйлə Сұлтанқызын жұмыстан шығарсын ба? Сіз не ойлайсыз, құрметті оқырман?!", - деп сұрады ол оқырмандарынан.

Ләйлә Сұлтанқызына оқырмандары түрлі пікірлерін жаудырды. Желі қолданушылар арасында оны жақтағандар да, даттағандар да табылды.

"Қазіргі қоғамның өзекті проблемасы ғой бұл. Онда тұрған не бар? Сол үшін жұмыстан шығару керек пе? Таң қалып отырмын, жұмыстан шығару керек дегенге", "Бастықтарды мақтап тізіп отырғызып қойып, жиналыс жасай бергенше елдің арасындағы кем кетікти айтқанда не тұр", "Қоғамның ауруы бұл, ал ауруын жасырған өледі", - деп жазды қолданушылардың дені.

Транссексуал жігітті экранға шығарғаны үшін Ләйлә ханымға сын айтып, журналистің "сөзінің жаны бар" екенін айтқандар да табылды.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1268146-layla-sultanqyzy-ozin-zhumystan-shyghar.html