RU

Жыныс мүшесіне екі күн бойы неке жүзігін тағып жүрген қытайлық жігіт әзер аман қалды (фото, видео)

18 жастағы Қытай тұрғыны екі күн бойы жыныс мүшесіне неке жүзігін тағып алып жүрген. Біршама уақыттан кейін қатты ауырсынғанға шыдамаған ол өрт сөндірушілерді көмекке шақырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жігіт белгісіз себептермен жыныс мүшесіне неке жүзігін тағып алуды ұйғарған. Екі күн ішінде гүп болып ісіп кеткен жыныс мүшесі әбден мазасын қашырғаннан кейін жігіт амалсыз көмекке жүгінеді.

Өрт сөндірушілер қытайлықтың мүшесінде тұрып қалған жүзікті өз күштерімен шеше алмады. Олар жігітті емханаға алып барып, сол жерде жүзікті арнайы құрылғымен кескен. Азамат тек 90 минуттан кейін ғана азаптан құтылған.

Ота кезінде ауырсынуды аз да болса басу үшін дәрігерлер жігіттің мүшесіне мұз қойды.

Оғаш отаның видеосы желіде тез тарап кеткен.

"Не үшін жүзікті таққанын білгім келеді", "Бұл жігіт расымен еріккен екен", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыздар:

Тоқал болғысы келетіндер қай жерлерді жағалап жүреді?

Назарбаев қазақша сайрап тұрған балалар үйінің түлегіне риза болды

Отандық БАҚ транссексуалға "төрін ұсынған" ұлттық арнаны сынға алды

Жамбыл облысындағы аудандардың бірі ішімдіктен толықтай бас тартқан

Саудагерлер үш ағайынды сиыр сатамын деп ажал құшқан базардағы қарақшылар тобы жайлы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1268174-zhynys-mushesine-eki-kun-boyy-neke-zhuzig.html