RU

Соңғы үлгідегі "Айфонға" қанша қой алуға болады?

Әлеуметтік желіде қызықты видео пайда болды. Оның авторы жаңа шыққан "Айфонды" сатып алу қазақстандықтардың қалтасына қалай әсер ететінін есептеп берген. Мәселен, ол сәнді телефон құнына қанша қой келетінін және орташа есеппен алғанда неше жалақыға тең екенін салыстырып шыққан.

Бұл туралы "ТВК" арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жаңа гаджет үшін беретін қаржы көлемі аз емес. Ол бақандай 755 мың теңге. Осы ақшаға қазақстандықтар 37 бас қой ала алады. Сонымен қатар екі апта Балиде демалып, 5 ай Алматыда пәтер жалдап, 20 егде жастағы адамдарға зейнетақысын немесе 5 жоғарғы білікті маманға жалақы төлеуге болады.

Ал телефонның құнын ең төменгі күн көріс деңгейімен салыстырсақ, тіпті таңғаларлық айырмашылықты байқаймыз. 755 мың теңгеге екі жыл немесе 9 ай күн көруге болады. Сондай-ақ, бес жыл үш айға толтырып азық-түлік ала аласыз.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1268186-sonhghy-ulgidegi-ayfongha-qansha-qoy-alugh.html