RU

Алматыдағы ас үйі бар арзан пәтерлердің тізімі

Ас үйі бар ең арзан бір бөлмелі пәтерлердің рейтингі құрылды. Іздеу кезінде 2005-2016 жылы салынған Алматыдағы пәтерлер есепке алынды. Рейтингті Krisha.kz сайты жасаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жетінші орынға ауданы 20 шаршы метрлік пәтерге жайғасты. Пәтер Алмалы ауданындағы 2014 жылы салынған "Қазыбек бидегі арман" тұрғын үй кешенінде, тоғызыншы қабатта орналасқан.  Пәтердің жағдайы жақсы, үй жартылай жиһазбен қамтылған. Асүйі, ауа баптағышы бар. Құны - 9 млн теңге.

Алтыншы орында - ауданы 35 шаршы метрлік пәтер. Ол 2012 жылы Жетісу ауданында салыған тұрғын үйде орналасқан. Балконы, тұрағы бар. Құны - 8 млн теңге. 200–300 мың теңгеге бағасын түсіруге болады.

Бесінші орында ауданы 28 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер жайғасты. Пәтер Алатау аулданында 2014 жылы салынған "Северное кольцо" тұрғын үйінің бірінші қабатында орналасқан. Пәтер құны - 7 млн теңге.

Төртінші орында - ауданы 42 шаршы метрлік пәтер. Пәтер Түрксіб ауданында 2009 жылы салынған «Көкжиек» тұрғын үйінде бірінші қабатта орналасқан. Пәтер құны — 6.2 млн теңге.

Үшінші орында - ауданы 17.6 шаршы метрлік пәтер. Пәтер Алатау ауданының Раймыбек даңғылында 2014 жылы салынған тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан. Пәтер құны - 6 млн теңге.

Екінші орында ауданы 21 шаршы метрлік пәтер. Пәтер "Қалқаман-2" ықшамауданында салынған 2013 жылғы тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан. Пәтер құны - 5 млн теңге.

Рейтингте көш бастаған - ауданы 16 шаршы метрлік пәтер. Ол Райымбек даңғылында 2014 жылы салынған алтықабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Пәтер құны - 4.5 млн теңге. Сонымен қатар бес жылға ақшасын бөлік төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін алғашында - 1.5–2.2 млн теңгесін төлеп тастауы тиіс.

Тағы да оқыңыздар:

Тоқал болғысы келетіндер қай жерлерді жағалап жүреді?

Назарбаев қазақша сайрап тұрған балалар үйінің түлегіне риза болды

Отандық БАҚ транссексуалға "төрін ұсынған" ұлттық арнаны сынға алды

Жамбыл облысындағы аудандардың бірі ішімдіктен толықтай бас тартқан

Саудагерлер үш ағайынды сиыр сатамын деп ажал құшқан базардағы қарақшылар тобы жайлы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1268230-almatydaghy-asuyi-bar-top-7-arzan-pater.html