RU

Бас прокурор ақтөбелік оқушыларға ағалық ақылын айтты

Кеше мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақтөбеге барған Бас прокуроры Жақып Асанов оқушы балалармен кездесіп, оларға ағалық ақылын айтты деп хабарлайды Skifnews.kz.

Айта кетейік, Ақтөбе облысындағы діни жағдайдың өршіп тұруына байланысты 200 адамнан құралған арнайы комиссия 29 қыркүйек күні өңірге арнайы сапармен келген болатын. Олар облыстағы діни, әлеуметтік ахуалды зерделеп, проблемалы мәселелермен айналысатын болады.

Осы сапары барысында бірнеше кездесу өткізген Жақып Асанов түсіндіру жұмыстарын оқушылармен де өткізуді жөн көріпті.

«Сендер әлі жассыңдар. Ересек өмірге бір-екі жылда аттанасыңдар. Осы кезден бастап болашақты ойлап, жаман нәрседен алыс жүріңдер. Экстремистер әлсіз, санасы қалыптаспаған, көнгіш, сенгіш жастарды өздеріне тартып жатыр. Ақша беріп, сеніміне кіріп жатқан жағдайлар аз емес. Оның арғы жағы белгілі. Саналарын әбден улап, қолдарына қару ұстатып, қылмысқа итермелейді. Өздері терактіні тек сырттан бақылап, аңқау жастарды өлімге жұмсайды. Қолжаулық ретінде пайдаланады. Сондықтан тағы да айтайын, келешегім жарқын болсын десеңдер, бойларыңды экстремизм, терроризм деген бәледен аулақ ұстаңдар. Өмір көрген, жасы үлкен, жаны ашитын ағаларың ретінде айтамын. Түбінде бұл проблема шешіледі. Бүкіл әлем оларға қарсы шығып, бұл қауіп тамырымен құриды. Бірақ, сол екі ортада талай адам құрбан болуы мүмкін. Қателеспейтін адам болмайды. Жас адам максимализмге ұрыншақ. Сондықтан біз бұның алдын алайық, халыққа түсіндірейік, жастарға дұрыс бағыт берейік деп алдарыңызға келіп отырмыз», - деді Бас прокурор.

Естеріңізге салайық, биыл Ақтөбеде салафилік ағым ұстанушылары қару-жарақ сататын дүкендерге және әскери бөлімге лаңкестік шабуыл жасап, бірнеше адамды өлтірген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1268247-bas-prokuror-aqtobelik-oqushylargha-agh.html