RU

Әйгілі боксшы Мэнни Пакьяо жанкүйерлерге нашақор болғанын мойындады

Атақты Филиппин споршысы Мэнни Пакьяо ел президентінің наша саудасымен күресін қолдап, өзінің бұған дейін нашаны жиі пайдаланғанын мойындады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Әлемнің сегіз салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо нашаның барлық түрінің дәмін татқанын айтты. Бұл туралы ол ел басшылығының наша саудасымен және нашақорлықпен күрес жөніндегі акциясына қатысты талқылаулар кезінде мәлімдеген.

"Ел президенті менің наша тәжірибем туралы білмейді. Мен нашаның дәмін татқам. Нашаның көптеген түрін, барлық түрін..." деді Пакьяо.

Атақты спортшы чемпион болғанға дейін көп жылдар бойы нашамен әуестенгенін де жасырмады. Мэнни Пакьяо кәсіби рингте 58 рет жеңіске жеткен. Оның 38-і нокаутпен аяқталған. Жекпе-жектің алтауында жеңілген ол екі кездесуді тепе-тең аятаған. Бүгінде ол Филиппин сенатында қызмет атқарады.

Естеріңізге салайық, Филиппинің биыл сайланған президенті Родриго Роа Дутерте билік басына келе сала нашақорлармен және наша саудасымен айналысатындармен күресті бастап кетті. Осы елдің полициясы таратқан мәлімет бойынша, Дутерте билікке келгелі бері бұл елде нашамен байланысты 2,4 мың адам өлім жазасына кесілген.

Тағы оқыңыздар:

 Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1268337-aygili-boksshy-menni-pakyao-zhankuyerl.html