RU

Ақтөбелік жастар "91" тобын қолдап, "Музарт" пен Қайрат Нұртастан шаршағанын айтты

Бүгін Ақтөбеге «91» тобы келуге тиіс. Жастардың Ақтөбе сахнасында ән шырқайтынын естіген асабалар мен ақындар өре түрегеліп «кіргізбейміз!» деп шулаған болатын.

Жастардың атынан сөйлеген бір топ асабаны әлеуметтік желі арқылы сынға алушылар көп деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Асабалар ерігіп жүр. Олар өздерінің шаруаларымен айналыссын. Жастардың атынан сөйлемесін», - деп жастар  желі арқылы өз ойларын айтып жатыр.

Қарама-қайшы пікірлер легіне шетелде оқып жатқан ақтөбелік жастар да қосылды.

«Менің туған қалам Ақтөбеде бір мәдени соғыс болып жатыр. «91» тобының келуіне жергілікті жұлдыздарымыз қарсы екен. Соларға бір кеңес: қаламыздың, халқымыздың, ұлтымыздың мәдени салауаттылғы үшін уайымдасаңыз, кітап оқыңыз. Кітап керемет антидепрессант», - дейді Гүлзира Игилманова.

Германияның Гамбург қаласында тіл оқып, тәжірибеден өтіп жатқанын айтқан ол шетелде жүрген қазақ жастарының «91» тобын жоғары бағалайтынын жеткізді.

«Солардың біреуі де Беделхан жеткен беделге жеткен жоқ. Менің жеке ойым- - «91» тобының әндері өте сапалы, талғамдары ерекше. Топтың әр мүшесі қазақша сайрап тұр емес пе? Олардың дауыстары шынымен де мықты. Қазақ әншілерінің бәрі жұлдыз болу үшін "Музарт" пен Қайрат Нұртастың көшірмесі болуы шарт емес. «91» тобы сапалы өнім шығаруда, ерекшелігін бағалау керек. Бұл топ достарыма ұнайды. Олар Қазақстан үшін жаңа нәрсе деп баға береді», - дейді Гүлзира Игилманова.

Тағы оқыңыздар:

Еліміздегі 40-қа жуық компания небары бір теңгеге сатылып кетті

Ресейде екпе қабылдағаннан кейін тоғыз адам соқыр болып қалды

ОҚО-да аудан әкімі кәсіпкерден таяқ жеген соң лауазымды шенеунік қызметінен кетті

Әйгілі боксшы Мэнни Пакьяо жанкүйерлерге нашақор болғанын мойындады

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1268480-aqtobelik-zhastar-91-tobyn-qoldap-muzar.html