RU

Өскеменде көпқабатты үйдің подъезінен қараусыз қалған балақай табылды (фото)

Өскеменнің Серікбаев көшесі № 1/1  мекенжайы бойынша подъездердің бірінен қараусыз қалған кішкентай қыз бала табылды. Бүгінде оның ата-анасы іздестірілуде. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Кәмелетке толмағандарды адаптациялау орталығына жеткізілген балақайдың ешқандай жеке заттары болмаған. Оны көріп қалған тұрғындар бірден полицияға хабар беріпті. Бүгінде қыз баланың ата-анасы іздестірілуде.

"Балақай дұрыс сөйлей алмайды және есімін айта алмайды. Жасы шамамен төртте", - дейді орталықтағылар.

Қыз баланы танығандар болса, 22-16-73 (КАО) нөміріне немесе 102-ге хабарласа алады.

Тағы да оқыңыздар:

Тоқал болғысы келетіндер қай жерлерді жағалап жүреді?

Назарбаев қазақша сайрап тұрған балалар үйінің түлегіне риза болды

Отандық БАҚ транссексуалға "төрін ұсынған" ұлттық арнаны сынға алды

Жамбыл облысындағы аудандардың бірі ішімдіктен толықтай бас тартқан

Саудагерлер үш ағайынды сиыр сатамын деп ажал құшқан базардағы қарақшылар тобы жайлы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1268548-oskemende-kopqabatty-uydinh-podezin.html