Выйти
RU

Филиппин президенті Гитлер сияқты халықты қыратынын ашып айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Филиппин президенті Родриго Дутерте өзінің есірткі саудасына қарсы жүргізіп жатқан күресін Холокостпен қатар қойды.

Кезінде Гитлер еврейлерді қалай қырса, өзі нашақорларды солай қыратынын айтты деп хабарлайды BBC News-ке сілтеме жасаған egemen.kz.

«Гитлер үш миллион еврейді өлтірді. Бізде үш миллион нашақор бар. Cолардың көзін түгел құртқым келеді» деп мәлімдеген Родриго Дутерте. «Германияда Гитлер болса, Филиппинде…» деп өзін көрсеткен.

Маусым айында билікке келген Филиппин президенті есірткі сатушылар мен нашақорларға қарсы жүргізген аяусыз күресі үшін халықаралық қауымдастық пен Батыс елдері лидерлері тарапынан сынға ұшырап жатыр. Ресми мәліметтер бойынша, маусым айынан бері полиция жүргізген түрлі операциялар кезінде 3000-нан аса адам өлтірілген. Олардың денелері мен жасаған қылмыстарының тізімі жұрт алдына қойылады.

Дутерте Филиппиндегі қылмыс деңгейін төмендету үшін 100 000 қылмыскерді өлтіруге дайын екенін ашып айтқан болатын.

Жергілікті басылымдардың мәліметі бойынша, елде 1,8 миллионға жуық нашақор бар. Бұл – ел халқының 1,8%-ына тең.

Родриго Дутерте жаңағы сөзді өзі бір кезде басқарған Давао қаласына келген кезде айтқан. Рейтер агенттігінің хабарына қарағанда, еврей қауымы Дутертенің бұл сөздеріне наразылық білдірді.

Филиппин президенті мұның алдында өзінің қатаң саясатына ескерту жасаған батыс елдерін быт-шыт қылып сынаған болатын.

«Таяу Шығыстан босып кеткен мигранттар жүр. Олардың қырылып жатқанына бастарың ауырмайды. Енді 100, 2000, 3000 адамның өлгеніне қалайша қинала қалдыңдар?» деген еді ол сәл бұрынырақта.

Тағы оқыңыздар:

Ресейдің Сириядағы шабуылынан 10 мыңға тарта адам қаза тапқан

Алматыда жұбайы мен қызын перзентханадан ерекше шығарып алған жігіт жұртты тәнті етті (фото)

«Әлем аруы» атағына үміткер қыз оранып кетті (фото)

Өскеменде көпқабатты үйдің подъезінен қараусыз қалған балақай табылды (фото)

Еліміздегі 40-қа жуық компания небары бір теңгеге сатылып кетті

Ғаділбек Жанай әйелін халықтан неге жасырады?

 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Филиппин президенті Гитлер сияқты халықты қыратынын ашып айтты