RU
Бас мүфти пәтер жалдап тұратын қарт әжейдің арманын орындады (фото)

Бас мүфти пәтер жалдап тұратын қарт әжейдің арманын орындады (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астана қаласында тұратын Кәдімқызы Орынбасар үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды деп жазады muslim.kz.

Қала шетіндегі жалдап тұрып жатқан қуықтай бөлмесіне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы келеді деп кейуана мүлдем ойламаса керек. Ара-тұра хал-жағдайын сұрап, көмектесіп кетіп тұратын «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлерімен бірге жаңбырлы күні үйіне кіріп келген дінбасын көргенінде, тіптен, абдырап қалды. Көзінде жалт ете қалған қуаныш ұшқынымен бірге, таңданыс табы да жоқ емес.

Алайда, қуаныштың көкесі әлі алда еді. Қарт әжейге құрметін көрсетіп, қонақ болып келіп қалған Бас мүфтидің қарияға арнаған тосынсыйы тағы бар екен. Алдымызда келе жатқан 1-қазан «Қарттар күніне» орай Кәдімқызы Орынбасар апамызды мерекемен құттықтап өткен Бас мүфти «Қажылық сертификатын» табыстаған сәтте апамыз шыдамастан екі көзіне ерік берді.

Осыдан бірнеше ай бұрын отандық телеарналардың бірінде бағдарлама қонағы болған апамыз өзінің асыл арманы – қажылық сапары жайлы айтып, тұрмыс тауқыметі тұралатқан мына заманда сол арманым орындалмай кететін шығар деп күрсінген еді. Ойламаған жерден олжалы болып, көңілі шарықтаған қарт әжей келген қонақтарға ақ тілегін жаудырып, көңілін босатты.

Бұдан бөлек, Орынбасар әжейге «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек пен азық-түлік қоры тарту етілді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев жұмыс кабинетіне Есімовті шақыртты

Ресейдің Сириядағы шабуылынан 10 мыңға тарта адам қаза тапқан

«Әлем аруы» атағына үміткер қыз оранып кетті (фото)

Өскеменде көпқабатты үйдің подъезінен қараусыз қалған балақай табылды (фото)

Еліміздегі 40-қа жуық компания небары бір теңгеге сатылып кетті

Ғаділбек Жанай әйелін халықтан неге жасырады?

Головкиннен таяқ жеген Брук үлкен спортпен қоштасуы мүмкін

 

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel