Выйти
RU

Болашақтықтар мемлекетке 5,4 миллиард теңге қарыз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

«Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға кеткендердің қарызы бес жарым миллиард теңгеге жуықтаған деп хабарлайды Астана арнасы.

Мемлекеттік шәкіртақыдан бас тартқан және айырылып қалған 389 адам республикалық комиссияның шешімімен шығынды толық қайтаруы қажет. Бұлай деп «Халықаралық бағдарламалар орталығының» мамандары мәлімдеді.

2005 жылдан бері «Болашақ» бағдарламасынан қол үзіп қалғандар немесе шетелде қалып қойғандардың жалпы саны 720 адамға жеткен. Бүгінгі таңда 331 адам 1,8 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты мемлекеттік бюджетке қайтарған. Ал қалған 389 адам, яғни 5,4 миллиард теңгені қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Болашақ» шәкіртақысынан айырылудың негізгі себептері төмен академиялық үлгерім мен еңбек шартының орындалмауы, дейді мамандар.

"Қаражатты қайтару үшін сотқа дейін шығынның орнын толтыру туралы электрондық пошта арқылы немесе телефонмен талаптар қойылады. Одан кейін сотқа шақырып, сот ісіне қатысады. Үшінші, соттың шешімін орындау, яғни жеке сот орындаушысымен қарызды қайтару бойынша жұмыстар жүргізіледі", - дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» заң департаментінің бас менеджері Вячеслав Сарычев.

Тағы оқыңыздар:

Жоғалған қызға алаңдаған Надаль теннис матчын тоқтатып тастады

Назарбаев жұмыс кабинетіне Есімовті шақыртты

Ресейдің Сириядағы шабуылынан 10 мыңға тарта адам қаза тапқан

«Әлем аруы» атағына үміткер қыз оранып кетті (фото)

Өскеменде көпқабатты үйдің подъезінен қараусыз қалған балақай табылды (фото)

Головкиннен таяқ жеген Брук үлкен спортпен қоштасуы мүмкін

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Болашақтықтар мемлекетке 5,4 миллиард теңге қарыз