Выйти
RU

Ақтөбеде он адам діни көзқарасы үшін әскерге барудан бас тартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әскерге шақырылғандардың арасында жат ағымның жетегінде жүрген азаматтар бар. Биыл 10 жас діни көзқарасы үшін іріктеуден өтпей қалды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Астанадан Ақтөбеге келген мамандар медицина, білім, дін саласын ғана емес, қорғанысты да назарда ұстайтын болды. Кеше діни портал редакторы Жалғас Сәндібаев, «Нұр Ғасыр» қоғамдық қорының президенті Аян Төреғұлов облыстық қорғаныс істері департаментінің жеке құрамымен кездесті.

Діни ахуалдың өзекті екенін, қырағылықты күшейту заман талабына айналғанын айтқан мамандар алдымен салафизмнің не екенін ұғындырды. Арнайы дайындалған бейнероликте салт-дәстүрден жирену, ата-анадан бас тартудан басталатын жат жолдың негізгі белгілері айтылды.

«Қорғаныс департаментінде әскерге шақыру комиссиялары құрылды. Әкімдер мен Дін істері басқармасының мамандары да шақыртуға қатысады. Әскер қатарына шақырмас бұрын біз ер азаматтардың жеке ісін алып, зерделейміз. Алдымен денсаулығын, тұратын жерін қараймыз. Отбасы жағдайын біліп, ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған, тұрмағанын анықтаймыз. Басқа діни ағымға қатысын да тексереміз. Биыл 10 жас діни көзқарасы үшін іріктеуден өтпей қалды. Себебі, әскерде техника, қару бар. Олар соған қол жеткізбеуі керек. Бізде полиция, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлігіне қабылданатындай іріктеу өтеді», - дейді облыстық қорғаныс істері департаментің Сейіткерім Арапбаев.

Айта кетейік, Ақтөбеде күзгі әскерге шақыру науқаны басталады. Биыл 1900-ден астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ.

Тағы оқыңыздар:

Премьер-министр Тасмағамбетов пен Маминнің міндеттерін бөліп берді

Баян Есентаева өзін соққыға жыққан күйеуінің тегінен ауысып кетті

Бас мүфти пәтер жалдап тұратын қарт әжейдің арманын орындады (фото)

Елімізде кісі тасып жүрген вагондардың іші микробқа толып, жаймалары ескіріп кеткен

 Филиппин президенті Гитлер сияқты халықты қыратынын ашып айтты

Жоғалған қызға алаңдаған Надаль теннис матчын тоқтатып тастады

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде он адам діни көзқарасы үшін әскерге барудан бас тартты