RU
Халықтың қоқан-лоққысынан қорыққан "91" тобы Ақтөбеге келмей қалды

Халықтың қоқан-лоққысынан қорыққан "91" тобы Ақтөбеге келмей қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі орталық стадионда 30 қыркүйек күні қайырымдылық концертін қоюға тиіс «91» тобы келмей қалды. Топтың жанкүйерлері алған билеттерін өткізе алмай жүр.

Кешкілік стадион жанына жиналған жастар билеттің ақшасын қайтарып беруді талап етті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Бұл не масқара? Халықты сенделтіп, түсінбестік туғызған кім? «91» тобының жарнамасы кеше ғана стадион қабырғасында ілулі тұрды. Оны қазір алып тастапты. Бұл мемлекеттік мекеме емес пе? Неге ойын ойнағандай етіп жүрсіздер? Билетті де осы жерден сатып алдық. Ұйымдастырушылар неге жауап бермейді? Болмайтын болғаннан кейін халыққа алдын ала хабарлау керек еді» - деп шулаған халық түнімен стадион жанында ұйымдастырушылардың келуін күтіп жүрді.

Стадионға жиналған халыққа басу айтқандар концерттің жергілікті әкімдік тарапынан болмай қалғанын айтты.

«Концерт бүгін болу керек еді. Әкімшілік өткізбей тастады. Енді ұйымдастырушыларға барып, ақшаларыңызды өздеріңіз қайтып алыңыздар. Бұл жерге жиналмаңыздар, ештеңе болмайды»,- деді стадионнан шыққан түсіндіруші топ.

Олар полициямен бірге стадионға концерт қарауға келген «91» тобының жанкүйерлерін қуып жіберді. Екі ортада далада сенделген жанкүйерлер ақшаларын қайтып бермесе, сотқа береміз деп тарқасты.

Ақтөбелік жанкүйерлер 1 қазан күні «Қоныс» спорт сарайында өтуге тиіс «91» тобының жеке концерті де болмай қалуы мүмкін деп алаңдап жүр. Оған 15 мың теңгеге дейін билет алғандар бар.

Қымбат билет алғандарға «әншілермен суретке түсіп, әңгімелесуге болады» деп уәде берілген.

Тағы оқыңыздар:

Атырау облысында қайын сіңлісін балағаттаған келіншек ұятқа қалды

Премьер-министр Тасмағамбетов пен Маминнің міндеттерін бөліп берді

Баян Есентаева өзін соққыға жыққан күйеуінің тегінен ауысып кетті

Бас мүфти пәтер жалдап тұратын қарт әжейдің арманын орындады (фото)

 Филиппин президенті Гитлер сияқты халықты қыратынын ашып айтты

Ақтөбеде он адам діни көзқарасы үшін әскерге барудан бас тартты

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel