Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық БАҚ Баян Есентаеваға күйеуінің соққысы сабақ болмағанын жазды

Опубликовано:

Отандық shyn.kz порталы қазір Үндістанда ем алып жүрген Баян Есентаеваға күйеуінің соққысы сабақ болмағанын жазды.

"Баянымыз қазір Үндістанда буддист болып жүр. Храм аралап, нан таратып, үндінің үйсіздерімен бірге жатып, үндімен түскен суретіне "арманымдағы еркекті таптым" деп әзіл-шыны аралас жазба қалдырып, демалып һәм ем алып жүріп жатыр. Санасыз еркектен сан жылдар көрген қорлығының соңы өліммен бетпе-бет келуге дейін жеткен Баян тірі қалғанына тәуба етіп, Жаратушысына жақындар деп едік. Сөйтсек... "Амалым қанша, қарағым!" деген бір өлең жолы болушы еді иә... Аллаһ ғидаят берсін", - деп жазады портал.

Кеше Баян күйеуінің тегінен бас тартып, әлеуметтік желідегі аккаунтына Баян Мақсатқызы деп жазып қойды.

"Әрине, ол Үндістанда жасап жүрген қылығы шу болатынын біледі. Оған танымалдық керек. Қандай жолмен, қандай тәсілмен болса да. Енді жаны соны қалап тұр, әкетіп барады. Әттең бұлай тапқан атақ, танымалдық өзіне тек зиян екенін білсе ғой", - деп жазады shyn.kz порталы.

Айтпақшы, кеше Қаскелеңде оның күйеуінің үстінен сот ісі басталды. Оған әйелін пышақтап өлтірмек болған деп айып тағылуда.

Тағы оқыңыздар:

Атырау облысында қайын сіңлісін балағаттаған келіншек ұятқа қалды

Премьер-министр Тасмағамбетов пен Маминнің міндеттерін бөліп берді

Баян Есентаева өзін соққыға жыққан күйеуінің тегінен ауысып кетті

Бас мүфти пәтер жалдап тұратын қарт әжейдің арманын орындады (фото)

 Филиппин президенті Гитлер сияқты халықты қыратынын ашып айтты

Ақтөбеде он адам діни көзқарасы үшін әскерге барудан бас тартты

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1269068-otandyq-baq-bayan-esentaevagha-kuyeuin/

pixel