RU
Ақтөбелік ерлі-зайыптылар қарттар күнінде бір топ қарияға дастархан жайып, көңілін көтерді (фото)

Ақтөбелік ерлі-зайыптылар қарттар күнінде бір топ қарияға дастархан жайып, көңілін көтерді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде Қарттар күні мерекесі атаусыз қалған жоқ. Әсіресе, жергілікті ерлі-зайыптылардың жайған дастарханы қарттардың көңілін көтеріп тастады.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Ерхан Бегімбетов пен Гүлфайыз Әбдірешева қариялардың өміріндегі атаулы мерекені ұмыт қалдырмапты. Олар өздері иелік ететін "Ел-мұра" мейрамханасының бір күнін қазыналы қарттарға арнады.

Ерлі-зайыптылар арнайы мекемеден қаладағы қариялардың тізімін алып, жиырмаға жуық қартқа кең дастархан жайды. Дастархан басында өз замандастарымен шүйіркелесе кеткен қарттар би билеп, ән шырқап отырды.

"Мұндай дастархан жаю көптен бері ойымда жүрген. Біз даталы мерекелерді кең көлемде атап өтеміз. Ал қарттар күні көп жағдайда елеусіз қалып қояды. Жасы келген қарияларды құрмет тұту біздің парызымыз деп білемін. Бүгінгі мерекеге қариялардың әдемі көйлегі мен оюлы қамзолын киіп келгенінің өзі қандай қуаныш? Күйбең тірліктен бас көтермей жүргенде қарияларымызды бағалауды ұмытып та кетеміз. Сондықтан, бүгін арқамнан жүк түскендей болып, қариялардың қуанышына марқайып қалдым", - дейді Гүлфайыз Әбдірешева.

Отырыс соңында қонаққа келген қариялардың барлығына шағын сыйлықтар таратылды. Ақтөбелік ерлі-зайыптылар мұндай игілікті істерін одан әрі жалғастырмақ.

Тағы оқыңыздар:

Атырау облысында қайын сіңлісін балағаттаған келіншек ұятқа қалды

Премьер-министр Тасмағамбетов пен Маминнің міндеттерін бөліп берді

Баян Есентаева өзін соққыға жыққан күйеуінің тегінен ауысып кетті

Бас мүфти пәтер жалдап тұратын қарт әжейдің арманын орындады (фото)

 Филиппин президенті Гитлер сияқты халықты қыратынын ашып айтты

Ақтөбеде он адам діни көзқарасы үшін әскерге барудан бас тартты

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel