Выйти
RU

Лукашенко КСРО-ның ыдырауын бүкіл әлем үшін апатты жағдай деп айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Беларусь президенті Александр Лукашенко КСРО-ның ыдырауын күллі әлем үшін апатты жағдай болды деп есептейді.

Бұл туралы «БелТА» агенттігінің дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

«Мен Кеңес Одағының тарауын күллі әлемде жағымсыз жақтардың туындауына себепкер болған апат ретінде үзілді-кесілді бағалаймын. Бұл тараудан біз жақсы ешнәрсе де алған жоқпыз», – деді Лукашенко.

Белорус лидері КСРО кезінде қазіргі Таяу Шығыстағыдай немесе Африкада орын алып отырғандай жанжалдардың болуы мүмкін еместігіне сенім білдірді.

«Кеңес Одағы қалай құрыды, көрдіңіздер ғой, әлем бір ғана тіректе тұрып қалды. Мен америкалықтарды айыптап отырған жоқпын, бірақ фактінің аты – факт. Тірек біреу ғана болса, әлем шайқалып кетеді», – деді ол.

Тағы оқыңыздар:

Атырау облысында қайын сіңлісін балағаттаған келіншек ұятқа қалды

Премьер-министр Тасмағамбетов пен Маминнің міндеттерін бөліп берді

Баян Есентаева өзін соққыға жыққан күйеуінің тегінен ауысып кетті

Бас мүфти пәтер жалдап тұратын қарт әжейдің арманын орындады (фото)

 Филиппин президенті Гитлер сияқты халықты қыратынын ашып айтты

Ақтөбеде он адам діни көзқарасы үшін әскерге барудан бас тартты

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Лукашенко КСРО-ның ыдырауын бүкіл әлем үшін апатты жағдай деп айтты