Выйти
RU

Қытайлық жігіт әке-шешесі мен 17 көршісін өлтіріп тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайдың Юньнань провинциясының 27 жастағы тұрғыны Ян Циньпэй өзі туған ауылында ата-анасы мен 17 көршіні өлтіріп тастағанын мойындады.

Бұл туралы Oxu.Az агенттігінің деректеріне сүйенген ras.kz хабарлады.

Полиция Циньпэйді қылмыс болған жерден 200 шақырым қашықта орналасқан Куньмин қаласында қолға түсірді.

Циньпэй бейсенбі күні ұсталды. Полиция өкілінің жеткізуінше, қылмыскер не болғанын түгел айтып берген. Жас жігіт Куньмин қаласында жұмыс жасап, туған ауылына оқта-текте ғана келіп тұрған.

Соңғы жолы келгенінде ол ата-анасының жанында қалмақшы болады. Кешке әке-шешесінен ақша сұраған жас жігіт ұрсысып қалады. Жанжал барысында Ян әкесі мен шешесін өлтіріп тастаған.

«Ата-анасын өлтіргеннен кейін ол ойға кетеді. Қылмысының ашылып қоятынын ойлап, басы қатады. Сосын мұны білдірмес үшін тағы 17 адамды өлтіреді» делінген хабарламада.

Оның құрбандары арасында 3 жасар баладан 72-дегі қарияға дейін бар.

Тағы оқыңыздар:

Атырау облысында қайын сіңлісін балағаттаған келіншек ұятқа қалды

Премьер-министр Тасмағамбетов пен Маминнің міндеттерін бөліп берді

Баян Есентаева өзін соққыға жыққан күйеуінің тегінен ауысып кетті

Бас мүфти пәтер жалдап тұратын қарт әжейдің арманын орындады (фото)

 Филиппин президенті Гитлер сияқты халықты қыратынын ашып айтты

Ақтөбеде он адам діни көзқарасы үшін әскерге барудан бас тартты

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайлық жігіт әке-шешесі мен 17 көршісін өлтіріп тастады