RU

Оңтүстік Кореяда алты жастағы қазақстандық көз жұмды

Сеулде қаңтар айынан бері химиотерапия алып жатқан алты жастағы қазақстандық қыз бала қайтыс болды, деп хабарлайды Kazpravda.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.

«Біздің Әсеміміз бақилық болды... Бүгін Сеул уақытымен сағат 13.10-да қайтты... Ауыр қаза... Ол маған: «Әке мен әлісіредім!!! Жүрегім езіліп кетті!!!», - деп айтқан қызының сөздерін әкесі Дәулет Ахметжанов Фэйсбуктегі парақшасында жазды.

Бүгін отбасы Сеулден ұшып Алматы арқылы Астанаға келеді. Жерлеу 3 қазанда сағат 10.00-де Екібастұзда өтеді.

Еске сала кетсек, 2015 жылы қыз балаға диагноз дұрыс қойылмаған, салдарынан ол шетелде емделуге квота ала алмады.

«Біздің ортаншы қызымыз Әсем, жасы 5-те кезінде 2015 жылдың қазан айында қатты ауырып қалды. Астанадағы Ана мен бала орталығының онкологиялық бөлімшесіне түстік. Оң жақ бүйректері нефробластома диагнозымен Әсем үш химиотерапия курсын алды. Қазан айында отамен оң жақ бүйректегі ісік алынды. Сонымен қатар ісік бауырға шауып кеткені анықталды. Бұдан соң біз химиотерапияны Қытайда жалғастырдық. Онда жаңа диагноз -қойылды. Бұл емделмейтін әрі сирек кездесетін ауру», - деп жазады Ахметжанов.

Желтоқсанда отбасы Мәскеуге тексерілу үшін Блохин атындағы онкологиялық орталыққа аттанды. Алайда жаңа жылдағы мерекелік үзіліске тап келген. Сондықтан ата-ана «Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорынан көмек сұрады.

«Бұл қор Кореяға баруға кеңес берді. Сол жердегі жасалған зерттеу сынамасы өкпеде, бауырда, жүректе Вильмс ісігі бар екендігін көрсетті», - дейді марқұм қыздың әкесі.

Кореялық дәрігерлер 18 қаңтардан бастап қазақстандық пациентке химиотерапия курсын жүргізе бастады.

Ата-ана емдеу ақысын төлеу үшін несие алған. «Добровольное общество «Милосердие» қоры да көмегін берген.

Ал олардың айтуынша шетелде емделу үшін квота алу мәселесі ұзаққа созылып кеткен.

Тағы оқыңыздар:

Гуантанамо түрмесінің бұрынғы тұтқыны Семейдегі өміріне шағымданды

"Қазақстан" ұлттық арнасына жаңа басшы тағайындалды

Қытайлық жігіт әке-шешесі мен 17 көршісін өлтіріп тастады

Моншада жүрген келіншек үйіне түскен ұрыны жалаңаш қуа жөнелді

Лукашенко КСРО-ның ыдырауын бүкіл әлем үшін апатты жағдай деп айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1269294-onhtustik-koreyada-al-zhastaghy-qazaqsta.html