RU

Оралда автобус пен трактор соқтығысып, алты адам ауруханаға түсті

Кеше Оралда 22-бағытта жүретін автобус пен көше тазалайтын трактордың соқтығысқандығы хабарланды деп жазады Қазақпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, аталмыш оқиғаның салдарынан 6 адам облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың біреуі тракторшы болса, қалғандары - автобус жолаушылары.

Соның ішінде бір жасар қыз бала бар. Барлығының жағдайы "орташа ауыр" деп бағалануда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше Орал қаласында Шаған өзені арқылы өтетін көпір мен Зашаған кенті аралығында №22 бағытпен жүретін автобус көше тазалайтын трактормен түйісті. Соның салдарынан трактор аударылып қалған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға сағат 12.00-ге дейін орын алған. Автобустың «мұрты» қисайғанмен, аударылмаған.

Тұрғындар №22 бағыттағы автобустың өте тез жүретінін, міне қалса, имандарын үйіріп отыратынын айтты.

Тағы оқыңыздар:

Оралда автобус пен трактор соқтығысып, алты адам ауруханаға түсті

Желіде полиция көлігіне дәрет сындырып тұрған ер адамның суреті пайда болды (фото)

Заңгер Конституцияға сәйкес, елімізде өлім жазасына лайық бір ғана адам барын айтты

Алматыда атақты сауда үйі жабылды (фото)

Алматыда үш күн бұрын жоғалып кеткен студент өлі күйінде табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1269523-oralda-avtobus-pen-traktor-soqtyghysy.html