RU

Спорт сарапшысы: "Канело" Головкиннен күн сайын жеңіліп жатыр

Boxingnews24.com сайтының сарапшысы Дэн Эмброуз қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жоспарланған жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Соңғы уақытта Канелоның жекпе-жектері қызықсыз болып барады. Альварес Смит, Хан секілді ортаңқол боксшылармен емес, Головкин, Чарло, Джейкобс, Уильямс, Андраде және Ларамен жұдырықтасуы тиіс. Ондай сүреңсіз жекпе-жектер Канелоның беделін түсіреді. Де ла Хойя осымен екінші жыл жекпе-жекті созбақтап келеді, бұл ретте мексикалық Головкиннен күн сайын жеңіліп жатыр. Егер Канело GGG-мен кездесуге келіссе, одан жеңіледі, есесіне өзінің батылдығын көрсетіп, қазіргі жағдайын жақсартушы еді», – деп есептейді Эмброуз.

Айта кетейік, қос боксшының промоутерлері – Том Лёффлер мен Оскар де ла Хойя 2017 жылдың қыркүйегінде жекпе-жек өткізу туралы ауызша келісім жасаған болатын, алайда мексикалықтың жарақат алуына байланысты бұл мерзім кейінге шегеріліп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Оралда автобус пен трактор соқтығысып, алты адам ауруханаға түсті

Желіде полиция көлігіне дәрет сындырып тұрған ер адамның суреті пайда болды (фото)

Заңгер Конституцияға сәйкес, елімізде өлім жазасына лайық бір ғана адам барын айтты

Алматыда атақты сауда үйі жабылды (фото)

Алматыда үш күн бұрын жоғалып кеткен студент өлі күйінде табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1269535-sport-sarapshysy-kanelo-golovkinnen-k.html