RU

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Болгария парламенті паранжа мен ниқабқа тыйым салды. Осылайша, бұл ел – Бельгия, Франция және Латвиядан кейін қыз-келіншектерге қоғамдық орындарда бетін жауып жүруге шектеу қойған төртінші мемлекет.

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Енді бетті тек медициналық немесе кәсіби мақсатта ғана жабуға рұқсат бар. Ал басқа мақсатта жүзін тұмшалағандарға 900 доллар мөлшерінде айыппұл салынады. Бұдан басқа заң бұзғандар әлеуметтік жеңілдіктерден айырылмақ.

Құжатты дайындағандар мұның дінмен емес, қауіпсіздік шарасымен байланысты екенін айтады. Дегенмен жергілікті тұрғындардың пікірі екіге жарылды. Айта кетейік, Болгария халқының 12 пайызы Ислам дінін ұстанады. Олардың дені – этникалық түріктер.

"Менің ойымша, паранжа мен ниқабқа тыйым салу - өте дұрыс шешім. Себебі Құранның өзінде мұндай ереже еш жерде жоқ", - дейді болгар мұсылманы Мохаммад Нури.

"Парламент мақұлдаған тыйым ақылға сыйымсыз. Себебі ол мұсылмандар мен христиандар арасындағы қарым-қатынасқа зиян келтіреді. Бұл – арзан бедел жинау әрекеті. Ол жалған патриоттық және ұлттық көңіл-күйге жел бітіреді", - дейді Болгария Бас мүфтиінің өкілі Джелал Фаик.

Тағы оқыңыздар:

Оралда автобус пен трактор соқтығысып, алты адам ауруханаға түсті

Желіде полиция көлігіне дәрет сындырып тұрған ер адамның суреті пайда болды (фото)

Заңгер Конституцияға сәйкес, елімізде өлім жазасына лайық бір ғана адам барын айтты

Алматыда атақты сауда үйі жабылды (фото)

Алматыда үш күн бұрын жоғалып кеткен студент өлі күйінде табылды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1269716-bolgariyada-qyz-kelinshekterdinh-paran.html