RU

Асхат Тарғын өзінен әлдеқайда үлкен асабаны қалай ұрып құлатты?

"Мария Магдалена" деп ән салған Асхат Тарғын тойда неліктен төбелеске барғанын түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтылды.

Асхат Тарғынның айтуынша, оны бұл әрекетке баруға мәжбүрлеген. Себебі оның ашуына тиіп, оған сыйластық танытпаған.

Хит әннің орындаушысын көп күттіріп қойған асабаның әншіге деген көзқарасы басынан-ақ дұрыс болмаған деп санайды Асхат.

"Өзіме дейін бір сағат көп күттім. Менің алдымда жас әншілерді жіберді. Мен бірақ оны салмақтылықпен күттім. Келесі тосттан кейін шығасың деді. Одан кейін тағы бір әншілерді жіберді. Келесіде шығасың деді, жарайды дедім. Негізі барғаннан ол жігіт менімен дұрыс сөйлескен жоқ. Барғаннан бірдеме сұрасам, өзінше дұрыс жауап  бермейді. Маған бір "қойшы бардай" сөйлесті де. Сосын мен "сабыр, сабыр" деп дастарханда отырдым күтіп.

Сосын: "Дайындал, осы тосттан кейін шығасың",- деді. Дайындалып отыр едім, бір баланы жіберді, әнші баланы", - деді әнші.

Асхат Тарғын неліктен оны хабарламағанын сұрағанда, асаба той иесі басқа әншіні шығаруын сұрағанын білген.

"Той иесі айтқаннан кейін той иесіне бағынамыз гой. Жарайды деп, оны да күттім. Бір кезде антракт болды. Тост сөйлегеннен кейін барлығы биге шықсын деді де тағы мені хабарлаған жоқ", -деп мұңын шақты әнші.

"Сол кезде ашуланып  кеттім, шыны керек, ашуға міндім. Мен ол уақытта шығуға дайындалып тұрғам. Қанша уақыт күттім, неге хабарламайсың, қанша адамды жібердім деп кеудесінен нұқып, сенікі дұрыс емес деп едім, ол мені жағымнан салып жіберді. Халықтың алдында андай қылғаннан кейін шыдамадым"- деп ағынан жарылған әнші шындықтың өз нұсқасын айтып берді.

Естеріңізге салсақ, Асхат Тарғын тойлардың бірінде асаба жігітпен жаға ұстасып, төбелесіп қалған. Бұл төбелес желіге шығып кеткен соң, Асхатпен төбелесе жөнелген асаба да бұл жайтты түсіндіріп берген еді. Оның айтуынша, той иесінің нұсқауынан шыға алмаған асабаны Асхат балағаттап, кеудесінен нұқыған. Ендігі кезекте, асаба Асхатпен "еркекше" сөйлесетінін де жеткізген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Қазан айының басында жауған қар алматылықтарды таңырқатты (фото, видео)

3 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1269747-askhat-targhyn-ozinen-aldeqayde-ulken.html