RU

Ақтаудағы сән көрсетілімінде көркінен көз сүрінер арулар жұртты өзіне қаратты (фото)

Сән өнерінің соңғы жаңалықтары кімге де болса қызық. Әдетте, Fashion көрсетілімі ғимарат ішінде өтіп жатады. Ал біздің қазақстандық дизайнерлеріміз фестивальді ашық аспан аясында, теңіз жағалауында ұйымдастырды. Бұл туралы 7292info.kz хабарлайды.

Отандық дизайнерлер ұсынған киім үлгілері өзге елдің мамандарынан артық болмаса кем түспеді. Aида Қауменова, Кенже Девятко сынды қаракөз қыздарымыз дайындаған киім үлгілері қазақтың рухани өмірімен, мәдениетімен астасып жатқандай әсер қалдырды.

Көрсетілімге «Aida KaumeNOVA», «Нұр Шах», «KENJE», «Мария ханым» секілді Қазақстанның танымал  Сән үйлері қатысты.

Сондай-ақ, жас дизайнерлер — «Сән мен Сахна – 2015» халықаралық фестивалінің жеңімпазы Мадина Масақова, Назипа Тұрысбекова және «BB LADIES» сән үйі өз топтамаларын паш етті. Ilknur Tutuncu және Kerime Dincerol түрік дизайнерлері көрсетілімге қонақ ретінде қатысты.

Фестивальдің екінші күні (16 қыркүйек) Ақтаудың 4-мөлтек ауданында ұйымдастырылған еді. Дәл сол уақытта Арт алаңда өнер галлереясының алдында қолөнер көрмесі мен Қазақстанның танымал суретшілері – Нұрлан Қилыбаев, Бақытнұр Бөрдесбеков, Сембіғали Смағұловтардың шеберлік сабақтары өтіп жатты. Көрме жұмысына 15-ке жуық маңғыстаулық жас суретшілер қатысты.

«Қазақстандағы қолөнерді одан әрі дамыту үшін мұражай мен көрме орталықтарын көптеп ашу керек, әрі Ақтау портты қала, Қазақстанның болашақ туристік орталығы Ақтаудағы жас суретшілердің болашағы зор. Ең бастысы, ынталары мықты», - дейді суретші-мүсінші, қолөнер шебері, суретшілер одағының мүшесі Сембіғали Смағұлов.

Ал одан сәл әріде қатысушылар hand made тауарларының жәрмеңкесіне қарық болып жатты. Бүлдіршіндер өз қиялымен «Тәуелсіздікке 25 жыл» тақырыбында асфальтқа сурет салуды бастап кеткен. Ортада көрмені тамашалауға келген бір қыз отыр. Жан жағында қаумалаған суретшілер… Жанында танымал портретші – Нұрлан Қилыбаев. Жас әріптестеріне портрет салуды үйретіп жатыр.

Көрермендер тесіліп қарап, жанында әрқилы пікірін айтып тұрса да, суретшілердің көзі қызда, қолы қылқаламда.

Материалдың авторы: Айгүл Дәден

Тағы оқыңыздар:

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Шетелдік әнші қазақ қызының сұлулығына таңдай қағып, клипке түсірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1269796-aqtaudaghy-san-korsetiliminde-korkin.html