RU

Шымкенттік депутат еліміздегі еркектердің ұсақталып, қыз мінезді болуын түсіндірді

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатындағы жалғыз ғана нәзік жанды депутат Рәшкүл Оспанәлиева ер азаматтардың мінездері қыздарға ұқсап, тым ұсақталып кетуіне ұстаздар қауымын кінәлады.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Депутат Оспанәлиева білім ұяларындағы нәзік жанды мұғалімдердің көптігі ажырасудың артуына да кесірін тигізіп отыр деп дабыл қақты. Себебі әйел азаматы ешқашан да ұлға ер мінезді тәрбие бере алмайды.

«Білім жүйесі деген өте кең талқыланатын тақырып. Мысалға, жастар арасындағы ажырасушылық өте көбейіп бара жатыр деп айтамыз. Әрине, оның барлығы неше түрлі факторларға байланысты. Соның ішінде балабақшадан бастап мектептердегі тәрбие басты себеп. Бізде білім мекемелеріндегі қызметкерлердің 99 пайызы әйел азаматтары. Ал әйелден тәрбие алған ер балалардың мінездері нәзік жандыларға тән болып кетеді. Отбасын құрған соң жауапкершілікті сезіне бермейді. Ажырасқан күннің өзінде міндетін ұмыт қалдырып, алимент төлеуден жалтарып жүреді», - деді депутат.

Халық қалаулысы өз сөзінде ер мінезді ұлдарды тәрбиелеудің жолдарын да ұсынды.

«Біз жоғары оқу орындарында дәл педагогика бағыты бойынша ұлдарға арнап көптеп білім гранттарын бөлуіміз қажет. Содан соң оларды мектепке жұмысқа орналастыру керек. Міне, сол кезде ұрпақ тәрбиесін реттеуге болады» деген Рәшкүл Оспанәлиева бүгінде кеңінен талқыланып жүрген мектептердегі сыбайлас жемқорлық мәселесін де айналып өтпеді. Айтуынша, тексеру комиссиялары ешбір ескертусіз ол жұмыстарды жүргізуі шарт.

«Алдын ала хабарлап қойған соң мектеп басшылығы қызыл кілемін төсеп, ақша жинап қояды деген осыдан шығып отыр. Қандай жағдай болмасын әркім өзінен бастау керек. Мәселен мен мектеп директорымын ба, өз қызметкерлерімнен ақша жинамасам, келесі бір басшы да солай жасаса, жемқорлықтың алдын алуға болатын еді», - деп ойын түйді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін халық қалаулысы Оспанәлиева аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды дегеніне сенбейтінін мәлімдеген.

Тағы оқыңыздар:

Түркия полициясы Фетхуллах Гюленнің ағасын қамауға алды

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Қазан айының басында жауған қар алматылықтарды таңырқатты (фото, видео)

3 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1269848-shymkenttik-deputat-elimizdegi-erkek.html