RU

Шетелдік әнші қазақ қызының сұлулығына таңдай қағып, клипке түсірді

Қазақша әндетіп жүрген италиялық әнші жігіт Сон Паскаль өз бейнебаянына таңдап алған қазақ қызының табиғи сұлулығына таң қалғанын жасырмады.

Бұл туралы ол 31-арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтып берді.

Оның айтуынша, ол ән жазып отырған кезінде Ая есімді қазақ қызының суреттерін көріп отырып, оның табиғи сұлулығына қайран қалған.

Әнші Аяға бірден хабарласып, оны бейнебаянына түсуге шақырған.

"Ол сондай тап-таза, мөлдір болып көрінді. Оның сұлулығы заманауи сұлулық емес, оның өзі сұлулықтың белгісі іспеттес",- дейді әнші.

Оның келбеті музыканың мәніне сәйкес келетін. Мен оған хабарласып көріп едім, ол келісімін берді. Біз бірге Италияға барып демалдық, өте жақсы болды. Аяның арқасында бейнебаян сәтті шықты", - деп ағынан жарылды италиялық әнші.

Қазақтың қызын Италияда қыдыртып жүріп, Сон Паскаль бейнебаянын теңіз жағалауында-ақ, бар-жоғы екі-үш сағат ішінде түсіре салған.

Әнші үшін бастысы бейнебаянның сапасы емес, оның мәні мен әні екен.

Естеріңізге сала кетсек, италиялық Сон Паскаль 2011 жылы Қазақстанға келіп, әнші Әнуар Нұрпейісовпен жұмыс жасай бастаған.

Оның «Englishman in Shymkent», «You should speak Kazaksha», «Жаным Сол», «Айналайын» әндері бар. Қазақша әндететін әнші домбыра мен шаңқобызда ойнауды да үйреніп алған. 2013 жылы ол Қазақстандағы өмір туралы "Pascalistan" деп аталатын 20-сериялы реалити-шоу түсірген.

Тағы оқыңыздар:

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Қазан айының басында жауған қар алматылықтарды таңырқатты (фото, видео)

3 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1269853-sheteldik-anshi-qazaq-qyzynynh-sululyghy.html