RU

Келін биімен танымал болған қазақ қызы туралы не білеміз? (фото, видео)

Желіде ауылдағы келіннің кейпіне еніп билегені үшін танымалдыққа ие болған ару туралы жазған болатынбыз. Қарапайым келін образында билеп шыққан Айгерім бүгінде өз табынушыларын жинап үлгерген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бойжеткеннің Instagram парақшасына 40 мыңнан астам жазылушы жиналған. Олар арудың шығыс стиліндегі биін тамашалау мүмкіндігіне ие болған.

Айгерім желідегі парақшасына шығыс стиліндегі биінен жиі видео жариялап, өзі туралы біршама ақпарат та беріп отырады. Мәселен, оның экологияға зор мән беретінін байқауға болады.

"Көкжайлауға топырлап шыққан бойжеткендер, сендер нағыз торайсыңдар. Аяқтарыңды былғамас үшін киіп алған целлофандарды сол жерде тастап кете бердіңдер. Сусынның шөлмектерін де лақтыра саласыңдар. Ал олардың ыдырауы үшін кемінде 100 жыл керектігін білесіңдер ме? Олардан ыдырау кезінде ерекше улы зат бөлінеді", - деп ренішін білдірді Айгерім жазбаларының бірінде.

Бойжеткен өзін шайтанға теңеген пікір қалдырушыларға да жауап қайтарған. 

"Тойда билегенім көрсетілген видел 110 мыңнан астам рет қаралды. Пікір қалдырушылардың дені мені шайтанға теңеді. Мені және мына екі қызды тойға шақырып, пікір қалдырушыларды той қонағы етсе, тойдың қадірі бір сәтте кететін еді. Әркім өзіне әрқалай шектеу қояды. Ал кейбірі, тіпті қоймайды. Мен бұл қыздарды айыптамаймын. Адамды өз ерекшелігімен қабылдай білу керек деп ойлаймын", - деп жазған Айгерім.

Бойжеткен келін биінен кейін өзін сынағандарға да жауап қайтарды.

"Оннан астам қазақстандық портал "ұятсыз келін" туралы жазды. Бәрі маған "бұзылған тартымды келін" деген атау берді... Алдарыңызға екі образбен шықтым. Тіпті басыма орамал тағып, жабық киінсем де сендер мені сынауды доғармас едіңдер. Сол себепті, мен "сендер лас әрі ұятсыз" санайтын биімді тоқтатпаймын", - деп ескерткен ару.

Тағы оқыңыздар:

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Қазан айының басында жауған қар алматылықтарды таңырқатты (фото, видео)

3 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1269859-kelin-biimen-tanymal-bolghan-qazaq-qyz.html