RU

Танымал журналист той жүргізу үшін 600 мың теңге сұраған Төлендиевке қатысты пікірін білдірді

Танымал тележурналист, "Хабар" арнасының продюсері қызметін атқарған Арман Сқабылұлы белгілі актер әрі асаба Нұржан Төлендиевке қатысты пікірін білдірді.

Естеріңізде болса, Нұржан Төлендиев өзінің асабалық қызметіне 600 мың теңгеден аса қаржы сұрағаны үшін сынға қалған болатын. Журналист Арман Сқабылұлы Төлендиевтің мұндай қаржы талап етуі мүмкін еместігін айтып, Facebook желісіне пост жариялады.

NUR.KZ порталы аталған постты сол күйінде назарларыңызға ұсынып отыр.

"Хабарда" жүрген кез. Нұржан бауырым хабарласты. Өзі бізде бағдарлама жүргізеді, "Алдараспаны" ол дүрілдеп тұрған...

-Аға!-дейді, -Қазір сізге біреулер хабарласады. Мені "записьте", студияда деңізші!

-Ау, бауырым не болып қалды?

-Мынау той дегеніңіз шаршатып жіберді. Сəл демалсам деп едім...

Əрине, бауырымның өтінішін орындадым. Нұржанның уытты қалжыңы бар, қалың қонақты тырп еткізбейтін мықты асаба екенін бұрыннан білетінмін. Мына заманда кім жетіскеннен асаба болып жатыр дейсіз! Небір мықтыларымыз бала -шаға асырау үшін соның соңында кетті ғой! Жə, əңгіме онда емес! Соңғы кездері осы Төлендиевтің төңірегінде əңгіме көп айтылып кетті. "Пəлен жерде пəленді лақтырыпты, пəленнен пəлен сома сұрапты" дегендей. Мен білетін Нұржан мұндай емес еді. Бүгін өзім телефон шалдым. Баяғы інім! Емен -жарқын!

- Аға, бір ғана нəрсе айтайын - Төлегеннің Бекежанды күтетін "Қособасы" бар ғой? Бұл əңгіме де солай! Бəсекелестердің əрекеті ғой! Асабаның да "Қособасы" бар!

Түсіндім. Аман бол, інім!

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында тағы бір сарбаз үйіне табытпен оралды

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Қазан айының басында жауған қар алматылықтарды таңырқатты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1270001-tanymal-zhurnalist-toy-zhurgizu-ushin-600-m.html