RU

NUR.KZ ең әділ сұлулық байқауын бастайды

Жер шарындағы ең сұлу қыздар Қазақстанда тұрады. Осыны дәлелдеу үшін NUR.KZ жеке сұлулық байқауын ұйымдастыруда.

Ресми ұйымдастырылатын сұлулық байқауларына сенбей жатамыз. Олардағы іріктеу жүйесі ашық еместігі жиі айтылып, ал үздік деп аталған қыздарға қоғам күмәнмен қарайды. Кейде "Ең сұлу" атауын алған сұлуларға елдің көңілі толмай, олардан да көрікті хас сұлулар бар екенін айтып наразы болатыны да бар. Себебі, нағыз көрікті де сұлу арулардың көбі ондай байқауларда емес, көшеде біз бен сіздің арамызда жүр.

Бұл олқылықтың орнын толтыратын уақыт жетті! 

Кастингтің әділ өтетінін, әділқазылар тарапынан еркіндік болатынын, өзіңнің ең сұлу екеніңді дәлелдей алатыныңа біз кепілдік береміз!

Байқауға қатысу үшін көп тер төгудің қажеті жоқ. Өзіңнің ең үздік суретіңді miss.nur@corp.nur.kz электронды мекенжайына жіберіп, Қазақстанда сенен асқан сұлудың жоқ екенін бар әлемге дәлелдеп бер! Бізге өтініш жіберу арқылы сіз "NUR.KZ аруы" интернет сұлулық байқауының ережелерімен таныса аласыз.

Байқауға 18 бен 25 жас аралығындағы, балалары жоқ, тұрмыс құрмаған қыздар қатыса алады.

Біздің сайыста ең лайықты қыздар таңдалады. Ешкім ешкімді сатып ала алмайды, себебі әділқазылар алқасында белгілі бір адамдар тобы емес, бүкіл халық болады.

Жеңімпаз қандай сый алады?

Үнді мұхитының ең ғажайып жағалауларында ұмытылмас демалыс. Биік толқындар, маржан тастар, кереметтей табиғат көріністерін сіз өз көзіңізбен көре аласыз. Халық ең сұлу қыз деп бағалаған ару бірден Мальдив аралдарына аттанады. NUR.KZ аруы барлық марапаттарға лайық!

Сондықтан мүсініңді қалпына келтіріп,  халықтың ыстық ықыласына бөленуге дайындала бер!

Ал біздің дайындап қойған қосымша сыйақыларымыз қандай болатыны әлі құпия. Айтарымыз, олар да осал болмайтыны анық.

Ережелер

"NUR.KZ аруы" сұлулық байқауына қатысу ережелерімен сіз мына сілтемемен өту арқылы таныса аласыз.

Сонымен, суретке түсіп, олардың ішіндегі ең әдемісін бізге жібер! Біз сенің хатыңды асыға күтіп отырмыз!

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында тағы бір сарбаз үйіне табытпен оралды

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Қазан айының басында жауған қар алматылықтарды таңырқатты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1270111-nur-kz-enh-adil-sululyq-bayqauyn-bastaydy.html