RU

Арыстанбек Мұхамедиұлының жаңа орынбасары тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы мекеменің сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ақтоты Райымқұлова Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында композиция және фортепиано мамандығы бойынша білім алған.

Көптеген музыкалық композициялардың авторы. Олардың ішінде «Ел бақыты», Apple of Peace, «Көкжал», «Толғау» симфониялық поэмасы, «Дала сыры» мен «Жамиля», «Аспан көші» туындылары, «Алатау» пьесасы және тағысын тағылары бар.

Әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында мұғалім, концертмейстер қызметтерін атқарды.

2014 жылдан бастап, Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері бойынша департамент директоры қызметінде болған.

Тағы оқыңыздар:

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Шетелдік әнші қазақ қызының сұлулығына таңдай қағып, клипке түсірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1270133-arystanbek-mukhamediulynynh-zhanha-oryn.html