RU

Алматыда өлі күйінде табылған студенттің неден қайтыс болғаны анықталды

Алматыда жоғалып кеткен студент Әлішер Алиясиловті 28 қыркүйек күні сағат 22:30 шамасында Алматыдағы Райымбек даңғылында көлік қағып кеткен деп хабарлайды 24.kz.

Жас жігіт апат кезінде алған жарақатынан жедел жәрдем көрсету ауруханасында қайтыс болды. Сол сәтте студенттің жеке тұлғасын куәландыратын ешбір құжат болмапты. Алматы қаласы ІІД танып-білу бөлімі осы жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты көлік жүргізушісіне қатысты бұлтартпау шарасы қолданылатын болады.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында тағы бір сарбаз үйіне табытпен оралды

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Қазан айының басында жауған қар алматылықтарды таңырқатты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1270310-almatyda-zhoghalyp-ketken-studenttinh-n.html