RU

18 қазанда Илья Ильиннің тағдыры шешілетін болды

Қазан айының 18 күні Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесі допинг қолданды деген айып тағылған қазақстандық спортшыларға - Илья Ильин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедоваға нақты шешім шығарады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафиннің айтуынша, Қазақстан құрамасы осы жылдың аяғына дейін барлық үлкен жарыстарға қатысу мүмкіндіктерінен айырыла қойған жоқ. Алдағы уақытта қазақ ауыр атлеттерін екі ірі турнир күтіп тұр. Бірі – Малайзияда қазан айында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионаты болса, екіншісі – жастар арасындағы Токиодағы Азия чемпионаты.

Қазан айының 18 күні Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесі допинг қолданды деген айып тағылған қазақстандық спортшыларға - Илья Ильинге, Мая Манезаға, Чиншанло мен Подобедоваға нақты шешім шығарады.

Сонымен қатар Омар Мұстафин егер ауыр атлетшілерге тағылған айыптың барлығы расталған болған жағдайда қандай жаза қолданылатыны жөнінде де айтты.

Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесінің құзыретіне сәйкес спортшылар жетістіктерінен айырылады немесе сол қалпында қалады. Егер комиссия шешімі көңіл көншітерлік болмаса, олар медальдерінен айырылады. Одан бөлек кеңес қосымша жазалау іс-шараларын  қарастырмайды.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында тағы бір сарбаз үйіне табытпен оралды

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Қазан айының басында жауған қар алматылықтарды таңырқатты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1270324-18-qazan-kuni-qazaqstandyq-auyr-atlette.html