RU

Павлодарда зейнеткер 4 жасар баламен бірге жер астына түсіп кетті (фото, видео)

Павлодарда Лермонтов пен 1 Мая көшелерінің қиылысында күтпеген жерден асфальт опырылып түсті. Салдарынан 58 жастағы әйел мен төрт жасар бала жер астына құлап кеткен. Бұл туралы  pavon.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Оқыс жағдай 3 қазан күні шамамен сағат 11:00-де болған. Денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, әйел мен бала облыстық емханаға жеткізілді.

Оқиға орнына жедел түрде полцейлер келіп жетті. Вконтактенің "Типичный Павлодар" парақшасындағы мәліметке сәйкес, зардап шеккендерге оқиға куәгерлері көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыртқан.

Қыз бала бас-ми жарақатын алып, бұғанасына зақым келген. Ол облыстық балалар емханасына жатқызылды. Ал оның әжесі бірінші қалалық емханаға жеткізілген.

Тағы да оқыңыздар: 

Алматы метросындағы қазақша жарнама көпшіліктің ашуын келтірді (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов мәдениет министрінің біраз былығын жайып салды

Дәрігерлер өлі туылған сәбиді қайтадан тірілтіп алды (видео)

Арыстанбек Мұхамедиұлының жаңа орынбасары тағайындалды

Бірнеше адамның дауысын шебер салатын келіншек желіде жұлдыз болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1270378-pavlodarda-zeynetker-4-zhasar-balamen-b.html