RU

Есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры қашан шешілетіні белгілі болды

Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот талқылауы Қытайдың Гуанчжоу қаласында 25 қазанға белгіленді, деп мәлімдейді айыпталушы қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Еске сала кетейік, аппеляциялық сот сатысы өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы 2015 жылғы сот үкімін тоқтатқан болатын.

«Сот талқысы туралы барлық мүдделі тарап хабарландырылды. Тұрлыбайды қорғаушы  туысқандары мен ҚР СІМ өкілдері қатысады. Тарап қылмыстық істің оң шешілетініне үмітті. Сонымен қатар, олар іске бейжай қарамаған баршаңызға рахмет айтады», - деді адвокат.

Еске сала кетейік, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенті Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурыз айында Қытай полицейлерінің қолына түсті.

20 жастағы бойжеткен 10 наурызда  Қытай мен Малайзия шекарасында «есірткі тасымалдады» деген күдікпен ұсталған.

Ол 10-наурызда Гуанчжоу қаласының тергеу абақтысына қамалған. Анасының айтуынша, қызы Ақжарқын Тұрлыбай Алена есімді келіншектің өтініші бойынша көрші елге аттанып, наурыздың 11-інде Қытайдан Малайзияға брендті тауар жеткізу керек болған.

Ақжарқын Тұрлыбайдың айтуынша, оған есірткіні клубта кездейсоқ танысқандар салып кеткен.  2015 жылдың шілде айында Қытай соты оны өмір бойы бас бостандығынан айырған. 6 мамыр күні 2016 жылы аппеляциялық сот бастапқы сот үкімін тоқтатып, қайта талқылауға жолдаған.

Тағы да оқыңыздар: 

Алматы метросындағы қазақша жарнама көпшіліктің ашуын келтірді (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов мәдениет министрінің біраз былығын жайып салды

Дәрігерлер өлі туылған сәбиді қайтадан тірілтіп алды (видео)

Арыстанбек Мұхамедиұлының жаңа орынбасары тағайындалды

Бірнеше адамның дауысын шебер салатын келіншек желіде жұлдыз болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1270608-qytayda-quryqtalghan-aqzharqyn-turlyb.html