RU

Егде жастағы миллионер өзінің туған немересіне үйленіп алды

24 жастағы қыз тұрмыс құрғаннан 3 айдан кейін миллионер күйеуін өзінің атасы екенін біледі. Бұл туралы NUR.KZ порталы The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бұл жайтты кездейсоқ біліп қалған. Бойжеткен Майамидегі жаңа зәулім үйінде ескі фотоальбомдардың бірін парақтап отырған. Бірде альбомның ішінен әкесінің суретін көріп қалады. Кейініректе оның атасы ажырасқаннан кейін бұрынғы отбасымен байланыс үзгендігі белгілі болады. Сол себептен екеуі бұл туралы білмей келген.

Жас жұп егделерге арналған танысу сайтында бір-бірін жолықтырған. Қыздың атасы әрі күйеюі болып келетін кісінің айтуынша, ол көптеген қыздың суреттерін көрген. Алайда қария қазіргі әйелінің суретін көрген кезге бір түрлі сезімде болғанын тілге тиек етеді. Сол кезде қария неге қыздың оған сонша таныс көрінгенін түсіндіре алмаған.

Олар шаңырақ көтергенге дейін ешқашан жақындары жайлы әңгімелеспеген. Десе де, жұбайлар бір-бірінен айырылысқылары жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында тағы бір сарбаз үйіне табытпен оралды

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Қазан айының басында жауған қар алматылықтарды таңырқатты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1270618-egde-zhastaghy-millioner-bilmestikten.html