RU

Шымкентте 13 адам ҰБТ "жауаптарын" сатумен айналысқан

Шымкентте ҰБТ "жауаптарын" сатқан 13 адам сот алдында жауап бермек. Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап Skifnews.kz порталы хабарлайды.

Айыпталушыларға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Олардың қатарында ұйымдасқан қылмыстық топ құру сынды жазасы ауыр дерек те бар. Жалпы, іс 100 томнан асады.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қылмыстық іс 13 адамның үстінен қозғалған. Олар биылғы ҰБТ науқаны кезінде абитуриенттерге тест сұрақтарының жалған жауаптарын сатумен айналысқан.

Күдіктілерге "қылмыстық топ құру және оны басқару, "ресми құжаттарды заңсыз алу және оны тарату", "жалған құжат әзірлеу және оны тарату" сынды айыптар тағылуда. Істі Шымкент ұаласындағы әл-Фараби аудандық соты қарап жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Алматы метросындағы қазақша жарнама көпшіліктің ашуын келтірді (фото)

18 қазанда Илья Ильиннің тағдыры шешілетін болды

Павлодарда зейнеткер 4 жасар баламен бірге жер астына түсіп кетті (фото, видео)

NUR.KZ ең әділ сұлулық байқауын бастайды

Астанада тәрбиешілер дамуы артта қалған қыз баланы ұрып-соққан (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1270849-shymkentte-ubt-zhauaptaryn-satqan-13-ada.html